Аксукент ауылы

Біздің ауыл

Ақсукент ауыл округі
Орталығы-Ақсукент ауылы. Халық саны-26800 адам.(537 үй,2009 пәтер).
Еңбек етуге мүмкіншілігі бар азаматтар-12131. Зейнеткерлердің саны-3710.
Қоғамды сала.
-11 мектеп(білім саласында 962 адам еңбек етеді).
- Денсаулықты сақтау мекемелері 11.(1180 адам жұмыс істейді)
-Мәдениет мекемелері-5.(56 адам жұмыс істейді).
-мектептің тыс білім мекемелері-5(219 адам жұмыс істейді). Ақсукент ауылының әкімдері
Кенжаев Анатолий Эшанқұл ұлы (1994-1995жж).
Қурбанов Анартай Артықбай ұлы (1995-1999жж).
Айтжан Иляс (1999 жылдан бері).
Қысқаша тарихы.
Ақсукентте (бұрынғы атауы Белавод) алғашқы үйлер ХVІІ ғасырда пайда бола бастаған. Ресей - өз әсерін күшейту мақсатында ішкі облыстардан,Украина мен Беларусиядан адамдарды көшіріп әкелуге кірісті.Олардың бір тобы осы аймақтарға түсті. 1917 жылда кедейлер комитеті құрылды,әкімшілікті өз қолына алды.Жаңа әкімшілік органдары байлардың жері мен мал-мүліктерін приватизация лауға кірісті.
1919 жылы Белавод ауылында алғашқы артель дүниеге келді. 1935 жылы ауданға Сайрам атағы беріліп,Ақсу ауылы аудан орталығына айналды.Алғашқы колхоз "Ақсу" 1930 жылы ұйымдастырылды. Мемлекет тарапынан колхозға 1000 г жер бөлініп,оған негізінен дәнді дақылар егілді.1957 жылы Ақсу,Қарасу,Қызылсу, Чапаев,Қызылқыстау, Новасёловка, Николаевка, Бескепе,Ақбай, ауылдарыныңкіші қожалықтары біріктіріп үлкен "Победа" колхоз ұйымдастырады.Оның тарихында басшылар-Степан Платонович Карпенко және Геннадий Николаевич Васильевтар өшпес із қалдырды. "Победа" миллионер колхозға айналды.


Web Page Maker, create your own web pages.
Hosted by uCoz