94 - жалпы орта мектеп

Аксукент
Сайрам ауданы № 94 жалпы орта мектебі өздігінен білім - білігін арттыру мақсатында, оқушылардың жеке тұлғасына қарай оқытып, шығармашылығын дамыту проблемаларымен айналысуда. Қазіргі таңда, заманауи талаптарға сәйкес жекеленген ұстаздар әр баламен жеке жұмыс жүргізуді қолға алып аудан, облыстық төрінен көрінуде. Мектепте 10 әдістемелік бірлестіктер жұмыс істейді. Әрбір әдістемеләк бірлестіктер ай сайын пән отырыстарын өткізіп, межелі жұмысты жоспарлап отырады, әрі өтілген сабақтар мен іс - шараларға талдау жасалынып, бағалар беріліп отырылады. Сонымен қатар, жеткен жетістіктер мен болашақтағы әрекеттерге нұсқаулар беріліп, талдау, болжау, сараптаулар жүргізіліп отырады. 
    Қазіргі кезде оқытудың жаңа әдістерінің бірі "Билингвал оқыту". Осы әдісі бойынша мектеп облыстық ИПК және БПК мен бірлесе 2006 жылдың 1 қыркүйегінде 2009-2010 жылдарды қамтитын келісім - шартқа отырған. Осы билингвалдық оқыту әдісінің арқасында оқытушылар екі тілде сабақ өту құқығына ие болды. Әлемдік билингвал оқытудың тарихын, тәжірибесін білді, топ болып жұмыс істейді, әрі екі  жылда бірнеше дәріс өткізіп нәтижесін берді. Мысалы, қазақ тілі тек қана пән ретінде емес, кейбір пәндер қазақ тілінде оқытылып жатыр.
    Мектепте жаңа технологиялардың бірі болып саналатын "БиС" - Биоинформатика және Синергетика технологиясы бойынша сабақ өту 2005 жылдың 5 қыркүйегінде қолға алынып, Облыстық ИПК және ППК - дан келген мамандар тақырыптық семинар өткізген. Осы технология бойынша  оқушылардың жылдам ойлайын, зейінін дамытып қана қоймай, олардың сөз байлығын байытуға үлкен әсерін тигізді.Қазақстан Республикасының Үкіметі "Білім туралы" заңының "Ғылым және оқу - әдістемелік жұмысты ұйымдастыру" атты 29 - ші бабында ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және еңгізі, білім беру ұйымдарында және тиіст инфрақұрылымда педагог қызметкерлердәң біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында ғылыми және оқу әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады делінген
Web Page Maker, create your own web pages.
Hosted by uCoz